$524.24 €612.94 ₽6.68
×

ОҚО-да газ шаруашылығы мамандары тұтынушылардан 29,8 млн теңгені заңсыз өндірмек болған

AstanaTV
11.06.2015ж. 20:00
1443
ОҚО-да газ шаруашылығы мамандары тұтынушылардан 29,8 млн теңгені заңсыз өндірмек болған

Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласының газ шаруашылығы мамандары тұтынушылардан 29,8 млн теңгені заңсыз өндірмек болған. Мұны тұрғындардың арызы негізінде арнайы тексеру жүргізген прокурорлар анықтап отыр.

Құзырлы орган дерегінше, аймақтағы 833 абонентке 35 мың теңге шамасындағы қосымша қаражат төлеу туралы түбіртектер тапсырылған. Ол құжат, абоненттің «көгілдір отынға өз бетінше рұқсатсыз қосылғаны» үшін, таратылған көрінеді. Алайда прокурорлық тексеру  барысында тұтынушылардың ешқандай заңбұзушылықтарға жол бермегені анықталды. «Барлығы да газ шаруашылығының келісімімен қосылған»,- деді аймақ прокурорының аға көмекшісі Батыр Ергешов.

Батыр Ергешов, ОҚО прокурорының аға көмекшісі:

Олардың газ шаруашылығында арнайы бет есеп-шоттары бар болғандығы анықталды. Және бірқатар тұлғалар одан бұрынғы мерзімнен де газға төлеп келгені анықталып, осы заңсыз іс-әрекетке тосқауыл қою мақсатында, ұсыныс қадағалау прокурорлық АКТ-сі енгізілген.

Прокуратура дерегінше, заңбұзушылықтарға жол берген газ шаруашылығының қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал Жетісай газ шаруашылығының  директорымен  еңбек келісімшарты үзілген.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ