Қазақстан
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттары бойынша 20 жылдай уақытқа созылған
келіссөздерді аяқтады. «Ұйымға қосылу жөніндегі құжаттар 22 маусымда жұмыс тобы мүшелерінің
мақұлдауына ұсынылады, одан кейін ұйымның Бас кеңесіне бекітуге беріледі», -
деп хабарлайды ТАСС.
Айта кетейік, Қазақстан ұйымға
кіру жөніндегі өтінішін 1996 жылы
берген. Қазір ДСҰ-на кіру туралы келіссөздерді Қазақстаннан өзге 21 ел
жүргізуде, арасында Әзербайжан, Беларусь
және Өзбекстан бар.
161 мемлекет пен аумақтар мүше
болып отырған ДСҰ-ы - әлемдік сауда саласындағы қадағалау қызметін жүзеге асырып
отырған халықаралық орган. Осы қуанышты жаңалыққа орай ұйымның Бас директоры Роберт Азеведу өз
құттықтауын білдірді.
Роберт
Азеведу,
ДСҰ Бас директоры:
Мен ДСҰ мүше мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының
Үкіметін осы тарихи қадаммен құттықтаймын. Бүгін Қазақстанның ұйымға кіру шарттары
жөніндегі келіссөздер аяқталды. Енді мен Қазақстанның ДСҰ-а тезірек өтуін
тағатсыздана күтемін.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА