Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

ЕАЭО Монғолия және Чилимен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қояды

AstanaTV
11.06.2015ж. 20:00
772
ЕАЭО Монғолия және Чилимен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қояды

Еуразиялық экономикалық одақ Санкт-Петербургтегі халықаралық экономикалық форум шеңберінде Монғолия және Чили елдерімен еркін сауда аймағы туралы меморандумдарға қол қоюды көздейді.

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенконың сөзіне сілтеме жасап, Ведомости басылымы жазды. Алқа төрағасының айтуынша, шамамен 40 ел Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда режимін қалыптастыруға ниет білдірген. Сондай-ақ қазіргі кезде еркін сауда аймағына Израиль, Мысыр және Үндістан секілді елдерді қосу мүмкіндігі қарастырылуда.

Еуразиялық экономикалық одақпен өзара еркін сауда аймағын құрған алғашқы ел - Вьетнам. Бұл ел келісімге 29 мамырда Қазақстанда қол қойған болатын. Сонымен қатар, экономикалық одақта «біріңғай макроэкономикалық саясат» құру туралы келіссөз жүріп жатқаны туралы ақпарат бар. «Белта» басылымы бұл бастаманы  экономикалық комиссияның құжатында бекіту көзделгенін атап өтуде. Онда одаққа мүше қандай да бір ел көрсетілген параметрден шыққан жағдайда, экономикалық ықпал ету шаралары қарастырылған. 

Берік ХАСЕНОВ