$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Павлодарда белгісіз біреу ІІМ қызметкерін өлтіріп кетті

AstanaTV
22.06.2015ж. 10:00
885
Павлодарда белгісіз біреу ІІМ қызметкерін өлтіріп кетті

Павлодарда белгісіз біреу  тәртіп сақшысын  мойын тұсына 4 мәрте пышақ салып, өлтіріп кетті. Бұл жөнінде Павлодар облыстық ІІД өкілдері хабарлады. Оқиға 21 маусым күні кешкісін Усольский ықшамауданындағы полиция учаскесінде орын алған. Жас мөлшері 30-дар шамасындағы сақшының денесі Павлодардағы  №15 полиция пунктінен табылды. Куәгерлердің айтуынша, полицей мойнын ұстап, учаскелік пункттен  шыққан бойда, «Көмектесіңіздер!» деп айқайлап үлгерген. Артынша құлап түседі. Марқұмның жергілікті учаскелік полицей екені анықталды. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, полицей алған жарақаттан көз жұмған. Оқиғаның мән-жайы қазір анықталып жатыр.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА