$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Қазақ хандығы тұсындағы ықпалды әйелдердің өмірі терең зерттелуі керек

AstanaTV
12.06.2015ж. 20:00
2340
Қазақ хандығы тұсындағы ықпалды әйелдердің өмірі терең зерттелуі керек

Қазақ хандығы тұсында саяси истеблишмент арасында ықпалды болған әйелдер есімі терең зерттелуі керек. Бүгін Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жиынды еліміздің мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова ашты. Ол қазақ арулары ғасырлар бойы өзінің инабаттылығымен, өткір зерделілігімен, нәзік диломатия қасиеттерімен ерекшеленгенінін атап өтті. Қазақ хандығының қалыптасуы мен дауына әйелдердің қосқан үлесін зерттеу төл тарихымызды терең зерделеуге жол ашады деді. Биыл осы бағытта біраз жұмыстар жүргізіліп, энциклопедия мен кітаптар шығаруды ұсынды. Бүгінгі конференцияда еліміздің белгілі ғалымдары тарихи тұлғаларға қатысты шағын зерттеулерін таныстырды.

Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Ханға әділдігін айтқан Қарашаштан бастап, ел тұтқасы болған Айғаным мен Фатима ханшалар жауға қарсы шапқан Гаухар мен Бопай сияқты батыр жарлар, есімдері жұрттың тәрбие бесігіне айналған Нүрилә, Қызай, Қарқабат, Дәулетбике сияқты аналардың рухани тұғыры уақыт өткен сайын асқақтай бермек. Өйткені олар ұрпақтан ұрпаққа ауысып тәлім тәрбиенің ұраны мен қағидатына айналатын тұлғалар.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ