$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Алты күннен кейін қасиетті Рамазан айы басталады

AstanaTV
12.06.2015ж. 20:00
1171
Алты күннен кейін қасиетті Рамазан айы басталады

Алты күннен кейін қасиетті Рамазан айы басталады. Маусым айының 18-інен бастап мұсылман қауымы ауыз бекітіп, ораза ұстайды. Кезекті отыз күн оразаға қатысты маңызды жәйттер туралы бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері айтып берді.

Алматыдағы дәстүрлі баспасөз мәслихатында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы халыққа арналған үндеуін жариялады. Онда жылдағыдай  Рамазан айында  шағын маркеттер мен азық-түлік сататын дүкендерде алкогольді ішімдіктер сатуды тоқтату қажеттігі айтылған. Биылғы пітір садақаның көлемі Қазақстан бойынша 200 теңге болып белгіленді. Ал шілденің 17- і күні  Ораза айт мейрамы басталады.

Ержан қажы Малғажыұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:

Кешке ауыз ашар уақытта сол ораза ұстаған адамға Алла назарын салады дейді. Егер сол назардағы адам болса, оны Алла ешуақытта азаптамайды дейді. Міне, бұл Оразаны Алланың пендесіне берген үлкен сыйы деп білуге болады. Ораза айы - татулық айы, бірліктің айы, Ораза айы - кешірім айы, Ораза айы - сабырлықтың айы.

Айгүл ЕРМАХАН