$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Тбилисиде тасқыннан қаза тапқандардың саны 12-ге жеткен, тағы 24 адам із-түссіз кеткендер қатарында

AstanaTV
15.06.2015ж. 10:00
1071
Тбилисиде тасқыннан қаза тапқандардың саны 12-ге жеткен, тағы 24 адам із-түссіз кеткендер қатарында

Тбилисидегі су тасқыны  бірнеше адамның өліміне себеп болды. Осыған орай 15-ші маусым Грузияда қаралы күн ретінде жарияланды. Бұл туралы елдің премьер министрі Ираклий Гарибашвили үкіметтің шұғыл  отырысында мәлімдеді деп хабарлайды Рейтерс. Соңғы деректерге сай, апат салдарынан қаза тапқандардың саны 12-ге жетті. Тағы 24 адам із-түссіз кеткендер қатарында. Қазір Тбилисиде оларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Грузия Ішкі істер министрлігінің өкілдері табылған бірнеше көліктің ішінде жоғалған азаматтар болмағанын мәлімдеді. Алайда көліктер  судың қатты екпініне шыдас бермей Куру өзеніне ағып кетуі мүмкін. Апат салдарынан шахардың инфрақұрылымына айтарлықтай зақым келді. Бірнеше ондаған отбасы баспанасыз қалды. Сондай-ақ Тбилисидегі хайуанаттар бағы да тасқыннан зардап шекті. Көптеген жануарлар қырылған, олардың кейбірі суға ағып кетсе,  бақтан қашып шыққан кейбір жабайы аңдар қала тұрғындары үшін қауіпті болғандықтан атылды. Тбилисидегі тасқыннан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар  Жайнақов хабарлады деп жазады Интерфакс Қазақстан.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ