$487.24 €529.34 ₽5.02
×

ҚР Сыртқы Істер Министрлігі: Тбилисидегі тасқыннан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

AstanaTV
15.06.2015ж. 13:00
1138
ҚР Сыртқы Істер Министрлігі: Тбилисидегі тасқыннан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Тбилисидегі тасқыннан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов хабарлады, - деп жазады Интерфакс Қазақстан.   Тбилисидегі су тасқыны қаза тапқандар саны 12 адамға жетті. Тағы 24 адам із-түссіз кеткендер қатарында. Осыған орай, 15-ші маусым Грузияда қаралы күн болып жарияланды. Бұл туралы елдің премьер министрі Ираклий Гарибашвили үкіметтің шұғыл отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Рейтерс. Грузия Ішкі істер министрлігінің өкілдері табылған бірнеше көліктің ішінде жоғалған азаматтар болмағанын мәлімдеді. Апат салдарынан шахардың инфрақұрылымына айтарлықтай зақым келді. Бірнеше ондаған отбасы баспанасыз қалды. Сондай-ақ, Тбилисидегі хайуанаттар бағы да тасқыннан зардап шекті. Көптеген жануарлар қырылған, оннан астам жыртқыш аң қашып кеткен. Жануарлар қала тұрғындары үшін қауіпті болғандықтан атылуда.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ