$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Қазақстан мен МАГАТЭ төмен байытылған уран Банкісін құру туралы өзара келісімге тамыз айының соңында қол қоюды жоспарлауда

AstanaTV
15.06.2015ж. 13:00
1368
  Қазақстан мен МАГАТЭ төмен байытылған уран Банкісін құру туралы өзара келісімге тамыз айының соңында қол қоюды жоспарлауда

Қазақстан мен МАГАТЭ төмен байытылған уран Банкін құру туралы өзара келісімге тамыз соңында қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін журналистермен кездесуде Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Барлыбай Садықов мәлімдеді. Айтуынша, атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік хатшылығы мен қазақстандық министрліктер мен ведомстволар өкілдері арасындағы келіссөз төрт жыл бойында жүрді. «Бұл күннің Қазақстан үшін аса үлкен мәні бар. Дәл 1991 жылы 29-тамызда президент жарлығымен Семей сынақ полигоны жабылған болатын.Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 29-тамыз күнін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күні ретінде жариялау туралы қарар қабылдады» - деп атап өтті Садықов. Айта кетейік, төмен байытылған уран Банкі Өскемендегі Үлбі метталургиялық зауытында орналастырылады деп күтілуде.

Барлыбай Садықов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі:

Төмен байытылған уран Банкін Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытында орналастыру туралы шешімді атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің өзі қабылдады. Себебі, аталмыш кәсіпорынның инфрақұрылымы, технологиялық жабдықталуы қажетті стандарттарға сай келеді. Сондай-ақ, онда ядролық материалдармен жұмыс істеп көрген жоғары білікті кадрлар бар. МАГАТЭ-нің техникалық миссиясы Семей полигонында да болған. Десе де, сарапшылар тобы Үлбі зауытын таңдады.

Жұрағат БАМАН