Әлемде
ядролық қарудың көлемі бір жылда 500 бірлікке азайған. Стокгольмдағы Әлем
мәселелерін зерттеу халықаралық институты мәліметінше, 2015 жылдың есебі
бойынша, ядролық мелекеттер «ядролық қарудың» 15 мың 850-ге жуық бірлігіне ие.
Бұл АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Израиль және
Солтүстік Корея елдеріндегі қаруларға қатысты ақпарат. Өткен 2014 жылдағы
зерттеу бойынша әлемде «ядролық қарудың» саны 16 мың 350-ге тең болыпты.
Сарапшылар, қауіпті қару көлемінің азаюы - АҚШ пен Ресейдің өз ядролық арсеналын қысқартуына
тікелей байланысты, - дейді. Себебі, әлемдегі ядролық қару қорының 90 пайызы осы елдерге
тиесілі. Десек те, сарапшылар ядролық қару көлемі азайғанымен, оларды жыл сайын
жетілдіру белең алып отырғанын атап өтті.
Берік ХАСЕНОВ