«Мемлекет басшысы ArcelorMittal
компаниясының атқарушы директоры әрі төрағасы Лакшми Митталды қабылдады», - деп
хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында компанияның Қазақстан
экономикасын дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы үлесі
әңгіме болды.
«Сондай-ақ Теміртаудағы «Арселор
Миттал» комбинатының әлемдік экономикалық сын-қатерлер жағдайындағы нәтижелі
жұмыс жоспары да талқыланды», - делінген хабарламада. Аталмыш АҚ Қазақстанның
тау-кен өндірісі саласындағы ArcelorMittal халықаралық болат құю концерні
құрамында.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ