$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өскемен қаласының зейнеткерлеріне 2017 жылдан бастап қандай зейнетақы күтіп тұрғандығы түсіндірілді

AstanaTV
24.03.2017ж. 20:00
2081
Өскемен қаласының зейнеткерлеріне 2017 жылдан бастап қандай зейнетақы күтіп тұрғандығы түсіндірілді

Өскемен қаласының зейнеткерлеріне 2017 жылдан бастап қандай зейнетақы күтіп тұрғандығы түсіндірілді.  Өскемен қаласының  «Нұр Отан» партиясының қабылдау бөліміне зейнеткерлерді 2017 жылдан қандай зейнетақы күтіп тұрғандығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу ондаған өтініштер  келіп түседі.

«Қарт адамдарға қамқорлық» атты жобаның аясында партиялықтар әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Галина Мельниченко, Е ж ХӘҚ Министрлігінің Шығыс Қазақстан
 облысы бойынша департаментінің әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы келесіні түсіндірді: 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық зейнеткерлердің зейнетақыларының мөлшері 9%-ға арттырылды, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, зейнетақы төлемдері тағы 11%-ға арттырылады (2016 жылдың мөлшеріне қарағанда 20%-ға). Базалық зейнетақы мөлшері де екі рет арттырылады,  2017 жылғы 1 қаңтардан 7%-ға арттырылды,  2017 жылдың 1 шілдесінен тағы да 13%-ға арттырылады (2016 жылдың мөлшеріне қарағанда 20%-ға). 2018 жылдың 1-ші шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлемінің мөлшері арттырылады. Бұл аталған төлемнің тағайындау тәртібінің өзгертілетініне байланысты. Базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі, сонымен қатар міндетті зейнетақы  жарналар аударылған кезеңдер есепке алынатын болады. 

Заңғар САНАЙ