$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Теңізде тағы да мұнай танкері жоғалды

AstanaTV
16.06.2015ж. 13:00
1959
Теңізде тағы да мұнай танкері жоғалды

Малайзия жағалауында  мұнай өнімі тиелген тағы бір танкер жоғалды. Жағалау күзетінің ақпаратына сүйенген Рейтерс дерегінше, танкерде 50 мың баррель бензин болған. Сонымен қатар, кеменің жеке құрамы - 16 адам да із-түссіз жоғалып кеткен. Қазіргі күні теңіз бетінде қарқынды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Малайзия билігіне Австралия өз көмегін ұсынған. Еске салайық, соңғы айда осы аумақта жоғалып отырған бұл екінші танкер. Өткен жекесенбіде 6 мың тонна бензин тиелген Аи-95 танкері де іс-түссіз жоғалып кеткен еді. Қазіргі уақытта іздестіру аумағы 20 мың шаршы шақырымға кеңейтілген. Малайзия тарапы көмек сұрап, жоғалған танкер туралы ақпаратты Индонезия мен Сингапурге де жолдаған.

Берік ХАСЕНОВ