$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Бүгін Ассамблеяның 20 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

AstanaTV
16.06.2015ж. 13:00
966
Бүгін Ассамблеяның 20 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық қарым-қатынасты берік етуден бөлек елге инвестиция тартуда делдал кызметін атқаруда. Ассамблея қазірде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өз атамекендеріне көшкен Қазақстанның көп ұлт өкілдерімен қарым-қатынасын үзген емес. Бұл туралы бүгін Ассамблеяның 20 жылдығына арналған халықаралық конференция барысында ұйым төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Азамат Алдоңғаров:

Ұлттар лабораториясы атанған Қазақстанның сан ұлт өкілін бір атаның баласындай біріктіріп отырған ҚХА-ның 20 жылдығына орайластырылған халығаралық конференцияға Ресей, Беларусь, Қырғыстан, Тәжікстан, Түркменстан және Ауғанстан сынды бауырлас елдерден қонақтар келді. Сондай-ақ, жиында ЕҚЫҰ аз ұлттар істері жөніндегі жоғары комиссары да қатысуда. Бүгінгі жиынға қатысушылар халықтарды біріктірудің қазақстандык моделінің нәтижелілігінен бөлек оның елдің ішкі саясатқа ықпалы, тіпті экономиканың дамуына қосып отырған үлесі жөнінде де айтуда. 20 жыл ішінде Ассамблеяның елге инвестор тарту бойынша да жетістіктері бар көрінеді.

Ералы Тоғжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

Мысалға, Қазақстандағы 800 мың Германияға кеткен немістермен Ассамблея арқылы тығыз қарым қатынаста отырмыз. 100 мың кәріспен Оңтүстік, Солтүстік Кореямен тығыз қарым қатынаста жүріп жатыр. Бұл жай ғана достық қана сұрақтар емес, Қазақстанға сол арқылы инвестициялар әкеліп, инновациялық жобалар әкелуде. Бұл жобалар да бүгін іске асырылуда.

Азамат Алдоңғаров:

Қазақстандық жол: Бірлік. Патриотизм. Реформалар атты конференция қазір әлі де жалғасуда. Айта кетерлігі, Мемлекет басшысының жақында жариялаған ұлттық 100 қадам бағдарламасы аясында да Ассамблеяның атқарар міндеттері көп. Қазір конференция қатысушылары пікір алмасуда. 100 қадам аясында Ассамблея ішінде де нақты реформалар жасалуы бек мүмкін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ