$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Қостанай облысының Торғай атырабында ірі қараның жаппай қырылуы тоқтады

AstanaTV
16.06.2015ж. 20:00
1039
Қостанай облысының Торғай атырабында ірі қараның жаппай қырылуы тоқтады

Ал Қостанай облысының Торғай атырабында ірі қараның жаппай қырылуы тоқтады. Ветеринар бақылау қызметі малдың қырылу себебі анықталғанын мәлімдеп жатыр. Сол мәліметке сүйенсек, үй жануарларына ешқандай да жұқпалы індет тимеген. Облыстық ветеринария басқармасы басшысының дерегінше, көктемнен көтерем  шыққан түліктер климаттық әсерден қырылған: толассыз жауған жаңбыр мен күн райының күрт ысуын көтере алмай, арам өлген.

Ветеринар мамандар Жангелдин ауданындағы 4 шаруашылықтан сынама материалдарын жинаған. Сараптама нәтижесі өлген малда «сібір жарасы, қарасан, пастереллез» сынды қауіпті аурулардың болмағанын көрсетіпті. Қазір аймақта ірі қараның өлім-жітімі тоқтады, қажетті санитарлық шаралар жасалып жатыр. Еске сала кетейік, облыста арнайы құрылған комиссия көктемнен бері Жангелдин ауданы аумағында 58 бас тана-торпақтың арам өлгенін анықтаған болатын. 

Берікжан Қайыпбай, Қостанай облысы ветеринария басқармасының  басшысы:

Сынамалардың бәрі зерттеуден өтті, бітті. Жұқпалы індеттің жоқ екені анықталды. Ол «сібір жарасы,» «пастереллез», «қарасан»  сияқты аурулар жоқ. Жаңағы жұқпалы індеттер болмағаннан кейін, олар іш аурулары, өкпе аурулары, сосын қыстан көтерем шыққан малдардың созылмалы ауруының асқынып өлгені байқалады.

Заңғар САНАЙ