Оңтүстік Қазақстан облысында
екі адам конго қырым-қанды безгегінен қайтыс болды. Бұл жөнінде Тұтынушылардың
құқығын қорғау департаментінің басшылығы мәлімдеді.
Жұмағұл Медетов, ОҚО
Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:
Эпидемиологиялық тексеру
жүргізу барысында анықталғаны, науқастардың дәрігерге уақытылы қаралмағандығы
анықталып отыр. Мысалы, бір ауру Мақтаралдағы, ауырғаннан кейін төрт күн үйінде
жатып, бесінші күні ғана дәрігерге келіп отыр. Уақытында ертерек келсе, уақытында
диагнозы қойылып, уақытында арнайы ем басталса, аурудың емделіп жазылып кету
мүмкіншілігі бар.
Кенеден келетін кеселден көз
жұмғандар Мақтарал мен Ордабасы ауданының тұрғындары. Қазір ол азаматтармен
қарым-қатынаста болған жандар қатаң медициналық бақылауға алынған, - деді
Жұмағұл Медетов. Олар 14 күн бойы тиісті ем-домын алмақ.\
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ