$488.45 €529.19 ₽5.04
×

«Скат» әуекомпаниясына тиесілі ұшақтың не себепті өртенгені белгілі болды

AstanaTV
17.06.2015ж. 13:00
1066
«Скат» әуекомпаниясына тиесілі ұшақтың не себепті өртенгені белгілі болды

Ақтау әуежайында «Скат» әуекомпаниясына тиесілі ұшақтың не себепті өртенгені белгілі болды. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «Боинг-737-300» әуе кемесіндегі ақау, салонның оң жақ бортында орналасқан оттегі баллонының редукторынан шыққан. Бас көлік прокурорының ақпаратынша, қызыл жалынның құшағында қалған көлік, әуежайдағы жолаушылардың күту залына тым жақын тұрған. Сол себепті адамдарды қауіпсіз аумаққа шығаруға тура келген. Жалын 80 шаршы метрдей аумақты шарпыды. Тілсіз жау бір сағатқа жуық уақыт шамасында ауыздықталды. Оған өрт сөндіру қызметінің 51 маманы жұмылдырылған. Азаматтық авиация комитетінің ақпарына сенсек, ұшақ қайта қалпына келтіруге жарамайды. Еске салайық, төтенше жағдай кеше кешкісін «Астана-Ақтау» бағытында ұшып келген әуе көлігінен шықты.

Виктория Ульянов, «Scat» Әуекомпаниясы қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы:

Ұшақ кезекті рейстен келіп, техникалық тексеруден өткен соң өздігінен тұтанды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл жолаушылар түгел түсіп болғаннан кейін шамамен бір сағаттан кейін яғни, 19 сағат 42 минутта болған оқиға. Кестеден ауытқу болмаған. Өрттің нақты себептері комиссияның арнайы қорытындысынан соң белгілі болады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ