$485.04 €525.98 ₽5.04
×

ДДСҰ: «Коронавирустан ғаламдық қауіп жоқ»

AstanaTV
18.06.2015ж. 10:00
1606
  ДДСҰ: «Коронавирустан ғаламдық қауіп жоқ»

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «коронавирус індетін аса қауіпті емес» деп санайды. Дәл қазіргі уақытта бұл аурудан ең көп зардап шегіп отырған - Оңтүстік Корея. Осы елде аталған вирусты жұқтырған 162 адамның 20-сы көз жұмған. Дегенмен, «індет таралып кетпеуін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Төтенше жағдайлар комитеті бақылауға алған», деп хабарлайды «РосБалт». Ұйымның пайымынша, «төтенше жағдай жариялайтындай жәйт туған жоқ».  Қазір Оңтүстік Кореяда таралған індетке қарсы күрес басталып кетті. Қарантин жарияланып,  жағдай сарапталуда. Соған қарамастан, денсаулық сақтау ұйымындағылар барлық ел қай кезде де індеттің таралып кетпеуіне әзір болуы тиістігін де ескертті. Еске салайық, 16-маусымда алғаш рет коронавирус Еуропада тіркелді. Германияның 65 жастағы тұрғыны осы індеттен жан тапсырды. Айта өтейік, аталған кесел 2012-жылы Сауд Аравиясынан шыққан. Сол кезде вирус  жұқтырған 950 адамның 412-сі қайтыс болған еді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ