$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Ресей басшысы Путин мен батыс арасындағы тартыс жасанды сипатқа ие - Ходорковский

AstanaTV
18.06.2015ж. 13:00
1378
Ресей басшысы Путин мен батыс арасындағы тартыс жасанды сипатқа ие - Ходорковский

«Ресей басшысы Владимир Путин мен батыс арасындағы тартыс жасанды сипатқа ие». Мұндай пікірді Ресейдің бір кездердегі олигархы Михаил Ходорковский білдірді. Оның сөзінше, екеуара қарым-қатынасының салқындауы - Ресей элитасының билікті ұстап қалу әрекетінен туындаған. Атлантикалық кеңесте сөз сөйлеген Ходорковский «саяси элита елді жайлаған жемқорлықты көзден таса қылу үшін халықтың көңілін қолдан жасаған дау-дамайға, жауласуға бұруды көздейді»,- деді.

Экс мұнай магнатының сөзінше, Ресейдегі саяси режимнің ішінде де қарама-қайшылықтар жетерлік. Себебі, барлығы бір адамның айналасына байланған дейді ол. Бұл Ходорковскийдің бостандыққа шыққалы бері билікті алғаш рет сынауы емес. Экс магнат қазір өзге мемлекетте өмір сүруде.

Михаил Ходорковский:

Ол орталықтандырылған, бір адамның айналасында байланған саяси вертикаль құрды. Мұның ұтымды тұсы - туындаған проблемаларды шешу үшін қалаған уақытта ресурстарды қолдана алады. Кемшілігі неде десек оның проблемаларды шешу мүмкіндігі, бір адамның ақыл-ой мүмкіндігі шеңберімен шектеледі. Ол ауыра қалған немесе қандай да бір қиындықтарға ұшыраған жағдайда жүйе де шатқаяқтайды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ