$531.96 €622.45 ₽6.79
×

Талғат Ермегияевтың мүлкіне тыйым салынды

AstanaTV
18.06.2015ж. 20:00
1209
Талғат Ермегияевтың мүлкіне тыйым салынды

Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген Талғат Ермегияевтың мүлкіне тыйым салды.

Ботагөз Баянова, Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы:

Бүгін Астана қаласы  Алматы аудандық №2 сотымен Талғат Ермегияевтің мүлкіне, нақтырақ айтсақ, «Са-Бек», «ТКМ» , «Глобус Алматы», «ХОЗУ-Транс», «Рахат-АВТО», «Глобус Астана» ЖШС-нің жарық капиталдарындағы үлестеріне тыйым салынды. Талғат Ермегияев ҚР ҚК 76-бабының 4-бөлігінің «б» тармақшасында көрсетілген қылмысты жасады деп күдіктелуде.

Еске салайық, 11 маусымда Талғат Ермегияев Мемлекет басшысының өкімімен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Кейін ол үй қамаққа алынған еді. 46 жастағы Ермегияевқа «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену немесе ысырап ету» бабы бойынша күдік келтірілген. Заңға сәйкес бұл қылмыс үшін «мүлiкті тәркiлеу және белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе жауапты қызметпен айналысу құқығын» шектеу көзделеді.  Сондай-ақ, бұл бап 7 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА