Павлодардағы
химиялық кәсіпорын қоршаған ортаға келтірген залалы үшін 440 мың теңгедей
айыппұл төледі. Мұндай ақпаратты облыстық экология департаменті таратуда.
Құзырлы орын дерегінше, «Каустик» АҚ басшылығы әкімшілік жауапкершілікке
тартылып, тиісті соманы толықтай өтеген.
Еске салсақ, мамырдың 31-і күні
«Каустик» кәсіпорнында сұйық хлордың төгілу дерегі тіркелді. Төтенше жағдайлар
қызметі таратқан мәліметке сәйкес, химиялық заттың жайылуы тек цехтың ішінде
болған. Сол кезде мамандар төгілген хлордың көлемі шамамен 200 келідей болады
деп болжаған еді. Дер кезінде жүргізілген жедел әрекеттің арқасында улы зат
сыртқа тарап үлгермеген. Оқиға орын алған аумақ бақылауға алынып, ауа
құрамындағы хлор мөлшерін анықтау мақсатында арнайы сараптама жүргізілді.
Апаттан ешкім зардап шекпеген.
Жомарт
Кәрімов,
Павлодар облысы экология департаменті басшысының орынбасары:
Төгілген
хлордың көлемі 200 келі болды. Оның 20-сы жиналса, қалған 180 келісі ауаға
тараған. Осы оқиғаға қатысты департамент кәсіпорынға айыппұл тағайындады. 49
мың теңге заңды айыппұл ретінде, ал 392 мың теңге қоршаған ортаға келтірілген
залал үшін белгіленді. Қазірде айыппұл толық көлемде өтелді.
Айжан ҚУАШ