Қазақстан
халқы Ассамблеясының моделі халықаралық деңгейге көтерілмек. Бұл туралы Орталық
коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ассамблея мүшелері
хабарлады. Онда «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет - 100 нақты қадам»
Ұлт жоспарын іске асыру мән этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы сөз
қозғалды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының аралық қорытындылары
таныстырылды.
Ассамблея жылы
шеңберінде 470-тен
астам әлеуметтік жоба қолға алынды. Біршама іс-шаралар
өткізіліп, оларға 8 миллионнан астам
адам қатысты. Елімізде жемісті қызмет атқарып келе жатқан 960-тан астам
этномәдени бірлестіктер бар. Жылдар бойы Қазақстанда ұлтаралық татулық пен
бейбітшілікті орнатқан модельді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері
халықаралық деңгейге көтермек. Оның алғашқы қадамы ретінде Қазақстан мен
Германия немiстерi Астанада халықаралық конференция өткiзудi жоспарлауда.
Александр
Дедерер,
Қазақстан немiстерi қауымдастығының басшысы:
Бiз
Қазақстан мен Германияда түрлi құрылымдармен бiрдей қарым-қатынас жасап
тұрамыз. Биыл қазан айында тұңғыш рет «Қазақстан немiстерi - Астана мен Берлин
арасындағы көпiр» атты халықаралық конференция ұйымдастыруды жоспарлап қойдық.
Бұл конференция осы тақырыпты жан-жақты ашуға, оны терең мәнмен толтыруға
бағытталған. Оның қорытындысы негiзiнде өз тұжырымдамамызды жасақтап, жүзеге
асыратын боламыз.
Берік ХАСЕНОВ