Француз соты өз елдеріндегі
Ресейдің мемлекеттік активтерін бұғаттады. Мұндай шешім, Гаага төрелік сотының
«Юкос Юниверсал Лимитед» талабы негізінде шыққан. Сот, меншіктерінде Ресей
Федерециясына тиесілі мүлік құжаттары бар 47 кәсіпорынға, 15 күн ішінде құжат
дайындауды талап етті. GML басшысының айтуынша, Гаага төрелік сотында
«ЮКОС-тің» бұрынғы акционерлерінің мүддесін қорғайтын Тима Осборнның активтерін
кепілге алу жалғасады. Өйткені, Ресей тарапы сот шешімін орындаудан бас
тартқан. Мәскеу болса, «сот үкімінің астарында саясат жатыр» деп түсінетінін
бұған дейін де бірнеше мәрте айтқан болатын. Оған қоса, қазына қаржысынан
соттың шешімін орындауға қаржы бөлу қарастырылмайтынын жеткізген еді. Ресей
15-ші маусымға дейін Еуропа кеңесіне ЮКОС компаниясының бұрынғы акционерлеріне
құны 1 млрд 86 млн еуроны өтеу кестесін өткізуі тиіс еді. Бірақ мерзімі
өткенімен Ресей тым-тырыс.
Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ