Сана қаласындағы жарылыс
кезінде 31 адам опат болып, он шақты адам жараланды. Кейін бұл қантөгісті
«Ислам мемлекеті» өз мойнына алды. Айлардың сұлтаны, қасиетті Рамазан айының
басталуы да, діншіл содырларға кедергі келтіре алмаса керек. Осылайша, әсіре діншілдер
қаланың бес жерінде бір мезгілде жарылыс ұйымдастырды. Бұл оқиға Йемендегі
жағдайды ретке келтірмек болған БҰҰ-ның жұмысын зая кетірді. Осы ел билігінің
өкілдері Женеваны 48 сағаттың ішінде тастап шығатынын мәлімдеді. БҰҰ-ның арнайы
өкілі, жуырда Йемендегі келісімдердің күрделі іс екендігін мәлімдеген еді.
Исмаил Ульд Шейх Ахмед, БҰҰ
арнайы елшісі:
Қарсылықтарға қарамастан,
тараптарды бітімге шақыру - үлкен жетістік. Бірақ, бұл - жауапкершілікке толы
ауыр міндет екендігін мойындаймыз. Осыған қарамастан, келісімнің жемісті
аяқталуына күш салуымыз керек.
Еркін КАРИН