$532.74 €617.23 ₽6.77
×

ШҚО-да террорлық ұйым қатарына қол жинаған екі азамат ұсталды

AstanaTV
19.06.2015ж. 10:00
1039
ШҚО-да террорлық ұйым қатарына қол жинаған екі азамат ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының екі тұрғыны азаматтарды әлеуметтік желілер көмегімен террорлық ұйымдар қатарына қосылуға үгіттеді деген айыппен ұсталды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Құзырлы орынның дерегінше, күдіктілер шетелдердегі халықаралық террорлық топтардың қатарына қол жинаған. Олар 12-ші маусым күні ұсталыпты. Пәтерлерін тінту кезінде олардың үйінен қару-жарақ, экстремизмді насихаттайтын әдебиет және аудио-бейнематериалдар табылған. Прокуратураның хабарлауынша, қазір сотқа дейін тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал, күдіктілер қамауда отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ