$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Тәжікстанның арнайы қызметі экстремистік ұйымдардың Қазақстанға да қауіпті екенін ескертті

AstanaTV
19.06.2015ж. 13:00
1222
Тәжікстанның арнайы қызметі экстремистік ұйымдардың Қазақстанға да қауіпті екенін ескертті

Тәжікстанның арнайы қызметі экстремистік ұйымдардың Қазақстанға да қауіпті екенін ескертті. Бұл елмен шекаралас орналасқан Ауғанстан провинцияларындағы «Тәліптер» мен «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы жасақтары Орталық Азия мемлекеттеріне ашық қауіп төндіруде. Бұл туралы Душанбеде өтіп жатқан жиын барысында Тәжікстан президентінің қауіпсіздік бойынша кеңесшісі айтты. Қос ұйымның Ауғанстан шекарасындағы саны қазір екі мыңға жуықтаған. Би-би-сидің Ресей өкілдігі, Ауған-тәжік шекарасында жүріп жатқан содырлар қақтығысы Өзбекстанның шекарасына бір табан жақындағанын мәлімдеді. Душанбе кездесуінде «олар қарулы қақтығысқа Ресей мен Қытайды да тартуды көздейді», - деген пікірлер айтылды. Еске салсақ, кеше Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев радикалды ұйымдар қатарында 400 отандасымыз соғысып жатыр, - деп мәлімдеген-ді. Ал Орталық Азиядан соғысқа аттанғандар саны мыңнан асады. Экстремистерді шет мемлекеттер қаржыландырып отыр,- деді Ермекбаев.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ