$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Қара нәсілділерді атып тастаған Диланн Руф қылмысын жарты жыл бойы жоспарлаған

AstanaTV
19.06.2015ж. 13:00
1552
Қара нәсілділерді атып тастаған Диланн Руф қылмысын жарты жыл бойы жоспарлаған

Американың оңтүстік Каролина штатында шіркеуге келген қара нәсілді азаматтарды атты деген күдікпен ұсталған Диланн Руф қылмысын жарты жыл бойы жоспарлаған. Оның досы Далтон Тайлердің мәлімдеуінше, Руф азаматтық соғыс бастағысы келетінін талай рет айтқан деп жазады Рейтерс. Ал қаруды оған ата-анасы сыйлаған екен. Кей ақпарат көздері «оқиға болардың алдында Руф өзінің атыс ұйымдастыратынын айтып мақтанған», - деп жазды. Бірақ сол кезде оның сөзіне ешкім мән бермеген. CBS-тің хабарлауынша, тыйым салынған заттарды қабылдағаны үшін күдікті бұған дейін екі рет тұтқындалған. Айта кетейік, Диланн Руф афроамерикалықтардың шіркеуіне келіп бірден тоғыз адамды атып тастаған болатын. Тергеушілер бұл жағдай нәсілдік кемсітушілік негізінде туындағанын болжайды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ