Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қытайдағы зілзала кезінде қаза тапқандар не зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

AstanaTV
09.08.2017ж. 20:00
3095
Қытайдағы зілзала кезінде қаза тапқандар не зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

Қытайдағы зілзала кезінде қаза тапқандар не зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі осылай деп хабарлады.

Апат Қытайдың солтүстік батысындағы Сычуань провинциясында болды. Ол Үрімші мен Алматының ортасында орналасқан. Қуаты 8 баллға жеткен жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 19, зардап шеккендер 247 адамға жетті деген ақпарат бар.

2 мыңдық орны бар Тяньтан қонақ үйінің үйінділері астында қанша турист қалғаны белгісіз. Тек 500-дей адам ғана сыртқа шығып үлгерген. Кемі 6 саяхатшы қаза тапқан. Таудағы қонақ үйге жететін жолдар тастарға үйіліп, құтқарушылардың апат орнына жетуі қиындаған. Алғашында 6 баллды құраған тербеліс үдеп, 8 баллға дейін жеткен. 40 мыңдай алам эвакуацияланған. 20 мыңдай үйдің тас-талқаны шығып, ЮНЕСКОға енген әлем мұрасы саналатын Цзючжайгоу ұлттық паркі қираған. Оның астында 100 шақты адам қалуы мүмкін. Табиғи апат елдің батысында да тіркелген. Мамандардың болжамы жақсы емес. Жаңа жер сілкінісі қайталанбақ, сейсмологтар оның қуатын дәл басып айта алмай отыр.