$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Сербиялық саяхатшы Астана күні мерекесіне орай құттықтауын жолдады

AstanaTV
19.06.2015ж. 20:00
1566
Сербиялық саяхатшы Астана күні мерекесіне орай құттықтауын жолдады

Сербиялық саяхатшы Астана күні мерекесіне орай құттықтауын жолдады. Драган Шибалич Белградтан Астанаға дейінгі 5 мың шақырымдық жолды велосипедпен жүріп өткен. Ол өз саяхатын сәуірдің он екісі күні бастағанын айтады. Араға екі ай 5 күн салып сербия азаматы Елордаға жетіпті.

Ол осы саяхат барысында Румыния, Украина, Беларусь және Ресей мемлекеттерін басып өткен. Драган Шибалич Қазақстанның халқы өте қонақжай екенін тамсана айтуда. Оған Ақтөбе және Қостанай қалаларында көзім жетті деп отыр. Сербиялық азамат қарапайым электр маманы болса да, алдына үлкен мақсат қойып отыр. Ол биыл 20 мың шақырым жолды жүріп өтіп Жапонияға жетуді көздейді. Ертең Павлодарға аттанатын саяхатшы одан әрі Новосібірді басып өтіп, Монғолия, Оңтүстік Корея елдері арқылы межелі нүктеге жетуді жоспарлаған. 5 мың шақырымды артқа тастап Астанаға жеткен азамат Елбасы мен Астананы келе жатқан мерейлі мерекемен құттықтады. 

Драган Шибалич, саяхатшы:

Мен Нұрсұлтан Назарбаевты келе жатқан туған күнімен құттықтаймын. Ол кісіге ұзақ та бақытты өмір тілеймін. Сербия халқы Қазақстанды жақсы көреді. Мен осы саяхатымды, Сербия мен Қазақстанның даңқын асқақтату үшін, ары қарай жалғастырамын. 

Берік ХАСЕНОВ