$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Бүгін әлемдегі бірқатар елдер халықаралық йога күнін атап өтіп жатыр

AstanaTV
22.06.2015ж. 10:00
1210
Бүгін әлемдегі бірқатар елдер халықаралық йога күнін атап өтіп жатыр

Бүгін әлемдегі бірқатар елдер халықаралық йога күнін атап өтіп жатыр. Осы орайда өз Үндеуін жариялаған БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун йоганың адам денсаулығын нығайтудағы таптырмас құрал екеніне тоқталды. Жалпы йоганың физикалық және психикалық тұрғыда қолжетімді екенін айта келе, Пан Ги Мун йога адамдарды сыйлауға, қоршаған ортаны қорғауға үйретеді деді. Нью-Йорктегі Таймс-скверде өткен Халықаралық йога күнін тойлау шарасынан тікелей көрсетілім жасалды. Оны тамашалауға алып экрандардың алдына жүздеген адам жиналды. Веб-трансляция көмегімен бұл ауқымды шараға Үндістаннан сондай-ақ, әлемнің түкпір түкпіріндегі елдерден йогтар үн қосты.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА