$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Грекия халықаралық кредиторларға қарызды оңайлату тұрғысындағы кезекті ұсынысын жолдады

AstanaTV
22.06.2015ж. 10:00
738
Грекия халықаралық кредиторларға қарызды оңайлату тұрғысындағы кезекті ұсынысын жолдады

Грекия халықаралық кредиторларға қарызды оңайлату тұрғысындағы кезекті ұсынысын жолдады. Ал осы кезде Афины көшелеріне мыңдаған ереуілшілер шығып қатаң үнемдеу шараларын қысқартуды талап етуде. Олар халық қаржыдан әбден қысылды деп отыр. Афины жалпы алғанда 300 миллиард еуродан астам қарыз. Ал бүгін Еуропаның 19 мемлекеті шұғыл саммит өткізбек. Онда Грекияны дефолтқа ұшыратпау мәселесін қарайды. Айта кетейік, егер Афины 30 маусымға дейін ХВҚ -ға қарызын төлемесе, оны дефолт күтіп тұр. Сондай-ақ, Грекия Еурокомиссиямен қаржылай қолдау бағдарламасын созу туралы келіссөз жүргізуі керек. Оның мерзімі 2015 жылдың қазан айында аяқталады. Халықаралық кредиторлардың үштігі Грекияға мүмкіндік беруге әзір. Тек бір шарты бар, яғни, олар елде қатаң экономикалық шаралар жасалуы керек,-деп отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ