$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Украина Ұлыбританиядан 55 брондалған көлік алды

AstanaTV
22.06.2015ж. 10:00
765
Украина Ұлыбританиядан 55 брондалған көлік алды

Украинаға Ұлыбританиядан 55 брондалған көлік жеткізілді. Бұл туралы Украина президентінің кеңесшісі Юрий Бирюков хабарлады. Мұндай көліктер корольдіктен бұған дейін де жеткізілген еді. Ақпанда Украина британдық Saxon маркалы техниканың 20 данасын алған. Ұлыбритания Қарулы күштерінің экс басшысы Ричард Даннаттың айтуынша, аталмыш көліктер ұрыс шебінде қолдануға жарамсыз. Көліктің жолаушылар мен жүргізушінің өмірін сақтау мүмкіндігі төмен. Мұны британдық әскерилер де айтуда. Есесіне, ауырлық күші жоғары дейді көлікті басқарғандар. Бірақ мұндай кемшіліктеріне қарамастан, Украина басшысы Петр Порошенко бронды техникалар алуын тоқтатар емес.

Айгүл ӘДЕПБАЙ