$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Николай Патрушев: АҚШ Ресейді құрту үшін Украинада төңкеріс ұйымдастырып, Мәскеуді әлсіреткісі келді

AstanaTV
22.06.2015ж. 10:00
1207
Николай Патрушев: АҚШ Ресейді құрту үшін Украинада төңкеріс ұйымдастырып, Мәскеуді әлсіреткісі келді

«Құрама Штаттар Ресейді құрту үшін Украинада төңкеріс ұйымдастырды, осы арқылы Мәскеуді әлсіреткісі келді». Бұл туралы Коммерсант басылымына Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев мәлімдеді. Оның айтуынша, «АҚШ Ресейдің мемлекет ретінде мүлдем болмағанын қалайтын секілді. Вашингтонның ойынша, «Ресей қыруар байлыққа ие. Бірақ оған лайық емес». Қауіпсіздік кеңесінің өкілі Америка Ресейге қарсы өзінің санкциялық саясатын жүргізу үшін Еуропаны пайдаланып отыр, - деген пікірде. Сонымен қатар, Патрушев кәрі құрлық АҚШ -тың саясатына амалсыздан еруге мәжбүр дегенді айтады. Украинадағы төңкерісті Америка ұйымдастырды. Ол үшін АҚШ 5 млрд доллар қаржысын да аямады,- дейді Патрушев. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы осының барлығы Ресейді әлсірету үшін қасақана жасалып жатқан қадам екеніне сенімді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ