$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Астана телеарнасының командасы асық ату жарысынан бас жүлдені қанжығалады

AstanaTV
22.06.2015ж. 10:00
1707
Астана телеарнасының командасы асық ату жарысынан бас жүлдені қанжығалады

«Астана» телеарнасы жеңімпаз. Біздің команда ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күніне орай «Қазконтент» компаниясы ұйымдастырған БАҚ өкілдерінің арасында асық атудан өткен жарыста бас жүлдені жеңіп алды. Журналистерден жасақталған сегіз команда түсті жарысқа. Астана телеарнасының ұжымымен қатар сайысқа «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская Правда» басылымдары, Бас редакторлар клубы, «Қазинформ» агенттігі мен «Орталық коммуникациялар қызметі» мен «Қазконтент» акционерлік қоғамы командалары қатысты. Біздің арнаның жігіттері мен қыздары асық атудан мергендіктерін көрсетіп, алдына жан салмады.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Міне, іріктеу сынынан біз сүрінбей өттік. Қарсылар командалар барлығы мықты болды. Біз, «Астана» телеарнасының спортшылары бірінші рет жарысқа қатысқанымызға қарамастан, финалға шығып, ақтық сында ерекше менің командаластарым көзге түсіп, нәтижесінде біз бас жүлдені ұтып алдық. Әрине бұл тек қана біздің жеңіс емес, бүкіл Астана телеарнасының жеңісі деп есептейміз. Екінші тұғырдан «Орталық коммуникациялар қызметінің» командасы көрінді. Үшінші сатыдан «Егемен Қазақстан» ұжымы көрінді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ