$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Павлодарда жұмыс орнында тәртіп сақшысын өлтіріп кетті

AstanaTV
22.06.2015ж. 13:00
882
Павлодарда жұмыс орнында тәртіп сақшысын өлтіріп кетті

Керекуде тәртіп сақшысын пышақтап өлтірді деген күдікпен Павлодар қаласының тұрғыны құрықталды. Облыстық ІІД өкілдерінің ақпарынша, ұсталған азамат жұмыссыз.Алдын ала болжам бойынша, ол бұл қылмысқа полицейдің тапаншасын иемдену мақсатында барған көрінеді. Қазірде оқиғаға қатысты тергеу амалдары жалғасын табуда. Анықталғандай, сенбілік кешкісін аға лейтенант Харли Арли жұмыс орнында болған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті учаскелік бекетке «құжаттарды алуым керек» деген сылтаумен енген. Бірақ, арада жанжал туып, ол полицейге бірнеше рет пышақ сұғады. Оқиға орнынан ізін суытқан күдіктіні Ішкі істер департаментінің өкілдері сол маңайда орнатылған бақылау камералары мен куәгерлердің сипаттамасы негізінде анықтапты.

Марат Қожаев, Павлодар облыстық ІІД басшысы:

Күдікті адам осы біздің Павлодар қаласының тұрғыны. Жас жігіт. Семьялы. Өзінің де баласы бар. Күдікті өз сөзімен айтып отыр. Әдейі барған. Әдейі жаңағы біздің қызметкердің тапаншасын тартып алу үшін барып, шабуыл жасаған.

Оқиға 21-маусым күні кешкісін Усолка мөлтек ауданыдағы полиция учаскесінде орын алған. 1985-ші жылғы сақшының денесі Павлодардағы  №15 учаскелік пунктен табылды. Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшысы мойнын ұстап, учаскелік пункттен  шыққан бойда, «Көмектесіңіздер!» деп айқайлап үлгерген. Полиция қызметкері алған жарақаттан оқиға орнында жан тапсырды.

Әсем МҰХИТОВА