$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Астанадағы «Артем» сауда орталығында болған жаппай тәртіпсіздік фактісі бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
22.06.2015ж. 20:00
1202
Астанадағы «Артем» сауда орталығында болған жаппай тәртіпсіздік фактісі бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды

«Астаналық» сауда орталығында болған жаппай тәртіпсіздік факті бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді. Айтуынша, қылмыстық істер әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратып, оны ұлтаралық қақтығыс ретінде сипаттағысы келген екі азаматқа және істің бас фигуранты - қайыр сұрап, азаматтардың мазасын алған мүгедек анаға қатысты қозғалған.

Қалмұханбет Қасымов
, ҚР Ішкі істер министрі:

Оқиғаға қатысты ғаламторда екі түрлі хабарлама пайда болды. Біреуінде, күзетшілері әйелді итеріп, ол құлап, көлік қағып кетеді. Әйел де, бала да қайтыс болды делінген. Бұл қауесетті таратқан адамның кім екенін анықтадық, ол маскүнем болып шықты. Ол жақында қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Екінші жалған ақпарат таратқан адам интернетте: «Ингуш күзетшілер байғұс қазақ әйелді ұрды», - деп таза ұлттық негіздегі мәселені қозғады. Оған да қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өздеріңіз білетіндей, жақында Қазақстанда қоғамдық орындарда қайыр сұрауға тиым салатын заң шыққан.Осыған байланысты үшінші қылмыстық іс қайыр сұрап азаматтардың мазасын алған мүгедек анаға қатысты қозғалды.

Еске салсақ, 16 маусымда астаналықтар «Артем» атап кеткен сауда орталығында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде құқық қорғаушылар, 18 куәгерді мән-жайды анықтау үшін ұстағандарын, хабарлаған болатын. Куәгерлердің айтуынша, жаппай төбелес кезінде жүкті әйел бір топ адамның ортасында қалып қойған. Десе де, дәрігерлер жүкті әйелдің ешқандай жарақат алмағанын, тек эмоционалдық стресске ұшырағанын айтқан. Жалпы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі алғашқы іс «Жекеменшік күзет қызметі қызметшілерінің өз уәкілеттігін асыруы» бабы бойынша қозғалған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ