$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Террористер Ауғанстанның Парламентіне шабуыл жасады

AstanaTV
22.06.2015ж. 20:00
1423
Террористер Ауғанстанның Парламентіне шабуыл жасады

Кабулде террористер Парламент ғимаратына шабуыл жасады. Салдарынан 21 адам зардап шеккен. Рейтерс агентігінің хабаралауынша, олардың арасында 5 әйел адам және 3 бала бар. Соңғы ақпарат бойынша, қарулы қақтығыс әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Шабуылды «Талибан» қозғалысы өз мойына алды.

Оқыс оқиға бүгін таңертең депутаттар жиналған кезде болған. Алғаш болып жанкешті мінген көлік Парламент үйінің кіре берісінде жарылып, осыдан кейін содырлар көрші ғимараттардан оқ жаудыра бастаған. Ауғанстанның арнайы жасақтары барлық депутаттар мен журналистерді ғимараттан аман алып шығыпты.

Соңғы күнде тәліптер Ауғанстанда екі ауданды басып алған. Бұл ақпаратты Дашти-Арче ауданының губернаторы Кундуз Насируддин Саиди растады. Оның айтуынша, бұл аумақта жағдай мүлде қиын. Сенбі күні содырлар он екі әскериді мерт қылып, он алтысын жаралап, елді мекенді басып алған. Осы күні Ауғанстанда жаппай террористерге қарсы ауқымды іс-шара басталды.  

Берік ХАСЕНОВ