$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкцялар мерзімін 2016 жылдың 31қаңтарына дейін ұзартты

AstanaTV
22.06.2015ж. 20:00
930
Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкцялар мерзімін 2016 жылдың 31қаңтарына дейін ұзартты

Еуропалық одақ Ресейге қарсы экономикалық санкциялар мерзімін тағы жарты жылға ұзартты. Тиісті түзетулерді Еуроодақ елдерінің Сыртқы істер министрлері мақұлдады, деп хабарлайды РИА Новости. Бұдан бұрын Еуропалық парламент депутаты, Эстонияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Урмас Паэт, санкция мерзімін ұзартуға Украинаның шығысындағы шиеленістің шешілмеуі, арадағы уағдаластықтың жиі бұзылып жатқаны түрткі болғанын, айтқан. Оған қоса, Еуропа Қырымның Ресей құрамына қосылғанын мойындамайды.

Еске салайық, Еуропалық одақ Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды 2014 жылы 1 тамызда енгізді. Ал былтыр қыркүйекте шектеулер тізімін ұлғайтты. Еуропалық одақ пен Ресей арасында қару-жарақ пен басқа да тауарларға қатысты импорт пен экспортқа тиым салынды. Шектеуден Ресейдің мемлекеттік банкі мен мұнай саласы да сырт қалған жоқ.

Санкция мерзімінің ұзартылуына қатысты ресми Кремль өз ойын білдірді. Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу де қарсы санкцияларды өз күшінде қалдыратынын айтты. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ