$485.04 €525.98 ₽5.04
×

БАҚ: «АрселорМиттал Теміртау» мердігерлермен бартер арқылы есептесуді ұсынды

AstanaTV
22.06.2015ж. 20:00
1602
БАҚ: «АрселорМиттал Теміртау» мердігерлермен бартер арқылы есептесуді ұсынды

«Арселор Миттал Теміртау» мердігер компаниялар жұмыскерлеріне берешек еңбекақыны ақша түрінде емес, «бартер» түрінде төлеуді ұсынып отыр. Алып компания өзінің еншілес «Оқжетпес» коммуналды кәсіпорны басшылығына айлықты қолма-қол ақшамен емес, жұмыскерлердің коммуналдық қарыздарын өтеу арқылы есептесуді ұсынып отыр. Әңгіме металлургиялық комбинатта істейтін мердігер ұйымдардың жұмыскерлері - құрылысшылар, электр мамандары, жөндеушілер - сынды бір жарым мың жұмысшының жалақысы туралы болып тұр. «Алпауыт компания мұндай қадамға баруын әлемдегі дағдарыспен байланыстырып отыр», - дейді Теміртаудағы қызмет көрсету және кәсіпкерлік жүмысшылар кәсіподағының төрайымы біздің арна тілшілеріне телефон арқылы. 

Кәсіподақ төрайымының мәлімдеуінше, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы жұмысшы жалдау келісімшартын жарты жылдан бері бұзумен келеді. Кеншілерге жалақы төлеуде де біраз қиындықтар тудырған еді. Әлі оларға жарты миллиардтан аса теңге қарыз. АМТ-дың мердігер компанияларының бірі «Оқжетпес» шығындарды өз мойнына алуға дайын. Алайда жұмысшылар бұған келіспей отыр.

Наталья Попова, Теміртау қаласы қызмет көрсету және кәсіпкерлік жұмысшылар кәсіподағының төрайымы:

«Арселор Миттал Теміртау» мердігер компанияларына ақшаны дер кезінде төлемей отыр. Жалақы алмаған соң адамдар коммуналдық қызмет ақысын өтей алмауда. Оларға қарызды жабу механизмін де ұсынды. Алайда, бұл жұмыскерлердің көңілінен шыққан жоқ. Адам еңбектенді ме, ақысын алғысы келеді. 

Айжан ҚУАШ