$485.04 €525.98 ₽5.04
×

«Валют транзит банктің» бұрынғы салымшылары өз қаражаттарынан үмітті

AstanaTV
22.06.2015ж. 20:00
1123
«Валют транзит банктің» бұрынғы салымшылары өз қаражаттарынан үмітті

Бұрынғы «Валют Транзит банктің» төрт жарым мыңнан астам салымшысы әлі күнге дейін өз ақшаларын қайтарып алатындарына сенеді. Ұлттық банктен жеткен жаңалық алданған салымшылардың осы үмітін оятты. Оларға Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қорынан 4 млрд теңгеге жуық қарастырылмақ. Бұл туралы біздің телеарнамызға салымшылардың бастамашыл тобы төрайымы Галина Шохор хабарлады.

Галина Шохор, «Валют Транзит банк» салымшылары бастамашыл тобының төрайымы:

Жақсы жаңалықты естіп, қуанышымыз қойнымызға сыймай жатыр. Тек бұрынғыдай құрғақ уәде болмаса екен, деп тілейміз. Ұлттық банк бізге, мәселені маусымның соңына дейін Сенат қарап, Президент Әкімшілігіне жіберіледі, деді. Қайрат Келімбетовтің өзі 4 жарым мыңнан астам салымшының қарызы қайтарылатын мәлімдеді. Жыл аяғына дейін ақшамызды аламыз деген үміттеміз.

Банк салымшылары, 2006 жылы «Валют Транзит банк» банкротқа ұшырасымен, өз салымдарының 700 мың теңгесін ғана қайтарып алған болатын. Бұдан кейін халық 9 жыл бойы жинақтаған қаржыларын қолдарына тигізе алмады. Енді қарыздары 5 млн теңге дейін жететіндері ақшаларын толық қайтарып алмақ. Қарағандылылық салымшылардың бастама тобының айтуынша, ақша қариялардың қолына осы жылдың соңына дейін тиюі мүмкін.

Айта кетейік, банкротқа ұшыраған «Валют Транзит банктің» салымшылары - негізінен зейнеткерлер, кеншілер және жұмыс барысында жарақат алған мүгедек-регрессниктер болатын.

Айжан ҚУАШ