$485.04 €525.98 ₽5.04
×

«Астана» телеарнасының командасы асық ату жарысынан бас жүлдені қанжығалады

AstanaTV
22.06.2015ж. 20:00
1138
«Астана» телеарнасының командасы асық ату жарысынан бас жүлдені қанжығалады

«Астана» телеарнасы - жеңімпаз. Біздің команда ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күніне орай «Қазконтент» компаниясы ұйымдастырған БАҚ өкілдерінің арасында асық атудан өткен жарыста бас жүлдені жеңіп алды. Журналистерден жасақталған сегіз команда өзара жарысқа түсті. «Астана» телеарнасының ұжымымен қатар сайысқа телеарналардың, республикалық басылымдар мен агенттіктердің командалары қатысты. Біздің арнаның жігіттері мен қыздары асық атудан мергендік танытып, алдарына жан салмады.

Самат Қанағатов, «Астана» арнасы спорт шолушысы:

Қарсылар командалар барлығы мықты болды. Біз, «Астана» телеарнасының спортшылары, бірінші рет жарысқа қатысқанына қарамастан, финалға шығып, ақтық сында ерекше менің командаластарым көзге түсіп, нәтижесінде біз бас жүлдені ұтып алдық. Әрине, бұл тек қана біздің жеңіс емес, бүкіл «Астана» телеарнасының жеңісі деп есептейміз.

Екінші тұғырдан «Орталық коммуникациялар қызметінің» командасы, үшінші сатыдан «Егемен Қазақстан» ұжымы көрінді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ