$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Атырау балықшыларына жаралы қорытпа балығы түсті

AstanaTV
22.06.2015ж. 20:00
3165
Атырау балықшыларына жаралы қорытпа балығы түсті

Бүгін атыраулық балықшылар үшін сәтті күн болды. Атырау бекіре балығын өсіру зауыты жұмысшыларының ауына 125 келілік алып қорытпа балық түсті. "Бұл биылғы жылдағы ең бағалы балық",- дейді зауыт басшылығы.

Ұзындығы екі метр 30 см аналық қорытпа уылдырық шашып, әлсіреп келе жатқан кезде балықшылар ауына тап болған. Өте әлсіз. Таза салмағы 125 келі. Жаралы балықты мамандар зауыттың ашық аспаны астындағы бассейге әкелді. Жараға көк дәрі сеуіп, бақылауға алды. Қорытпаны келер жылы уылдырық алу үшін пайдаланамыз,- дейді ихтиологтар.

Рашидин Халидуллин, Атырау бекіре балығын өсіру зауытының  директоры:

Бүгінгі күні ұстап отырған белуга, қазақша қорытпа балығымыз, 2015 жылы бірінші рет ауымызға түсіп отыр. Біздің қазіргі мақсатымыз - осы қорытпа балығын  келесі 2016 жылға дейін өсіріп-өндіріп, алға қарай тұқым алу.  

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ