$533.61 €621.07 ₽6.78
×

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының жаңа ұйымдастыру құрылымы таныстырылды

AstanaTV
23.06.2015ж. 10:00
1141
«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының жаңа ұйымдастыру құрылымы таныстырылды

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының жаңа ұйымдастыру құрылымы таныстырылды. Ұлттық компания басқарма төрағасының жаңа орынбасары болып Марлен Жакежанов тағайындалған. Бұл туралы Астана қаласы әкімі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте белгілі болды. Біріктірілген бірқатар құрылымдық бөлімшелерді есептемегенде, Ұлттық компанияның департаменттері өзгеріссіз қалды. Сондай-ақ, аппараттық мәжіліс шеңберінде көрмені жұртшылық арасында кеңінен таныстыру, тіркеу құжаттамасына сәйкес демеушілерді тарту, халықаралық қатысушылармен келісім-шарттар жасасу мәселелері қаралды. Елбасының тапсырмасы аясында корпоративтік қатысушыларды - әлемдік брендтерді, инновациялық «жасыл» технологиялардың көшбасшыларын тарту және жергілікті мазмұнды қамтамасыз ету мәселелері де сөз болды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА