$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Атырау балықшыларына жаралы қорытпа балығы түсті

AstanaTV
23.06.2015ж. 10:00
1664
Атырау балықшыларына жаралы қорытпа балығы түсті

Атыраулық балықшылар қомақты олжаға тап болды. Бекіре балығын өсіру зауытының жұмысшылары салған ауға салмағы 125 келі тартатын алып қорытпа балық түсті. «Бұл биылғы жылы ұстаған ең бағалы балығымыз»,- дейді зауыт басшылығы. Ұзындығы екі метр 30 см болатын аналық қорытпа уылдырық шашып, әлсіреп келе жатқан кезде балықшылардың ауына тап болған. Ол өте әлжуаз. Әрі жарақаты да бар екен. Балықты мамандар зауытқа қарасты бассейнге алып келді. Жараға тиісті дәріні сеуіп, бақылауға алды. Қорытпаны келер жылы уылдырық алу үшін пайдаланамыз,- дейді ихтиологтар.

Рашидин Халидуллин, Атырау бекіре балығын өсіру зауытының директоры:

Бүгінгі күні ұстап отырған белуға, қазақша қорытпа балығымыз 2015 жылы бірінші рет ауымызға түсіп отыр. Біздің қазіргі мақсатымыз осы қорытпа балығын келесі 2016 жылға дейін өсіріп-өндіріп, алға қарай тұқым алу.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ