$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Қостанай облысында өлген киіктердің мүйізін сатпақ болған тұрғын опық жеді

AstanaTV
23.06.2015ж. 13:00
910
Қостанай облысында өлген киіктердің мүйізін сатпақ болған тұрғын опық жеді

Қостанай облысында киік мүйізін сатып, пайда таппақ болған азамат жазаға тартылды. Аманкелді ауданының тұрғыны жаппай қырылған киіктердің мүйізін өткізуге әрекеттенген. Алайда 38 жастағы тұрғынның арам пиғылы жүзеге аспады. Тінту барысында оның 4 мүйізді  жасырып қойғаны әшкерленді. Сөйтіп, киік өлекселерін көмуге келген  жұмысшы аудандық сот алдында жауапқа тартылды.

Ләззат Байғожина, Қостанай облысы сотының баспасөз хатшысы:

Сот мәжілісі барысында сотталушы өзінің жасаған іс-әрекетін мойындап, оған шын жүректен өкінетінін білдірді. Ол ҚР ҚК-нің 339 бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Заңғар САНАЙ