Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматыда жыл басынан бері 130-дан аса мүмкіндігі шектеулі жан тұрақты жұмыспен қамтылған

AstanaTV
09.08.2017ж. 20:00
2964
Алматыда жыл басынан бері 130-дан аса мүмкіндігі шектеулі жан тұрақты жұмыспен қамтылған

Алматыда жыл басынан бері 130-дан аса мүмкіндігі шектеулі жан тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев айтты. Бүгін аталған орталықтың мамандары «Нұр Отан» партиясының ұжымымен бірлесіп, қоғамдық қабылдау өткізді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың басым бөлігі тұрақты еңбек көзін білім және халыққа қызмет көрсету салаларынан тапқан.

Мамандардың айтуынша, мүгедектерді еңбекке баулу «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатыр.  Бұл үшін қазынадан 4 миллиардтан аса қаражат бөлінді. Десе де, белсенді тірлікке тартылып, жұмыс істегісі келетін мүгедек жандар әлі де баршылық. «Кеңпейіл» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы қарамағындағы арнайы курстардан өткен 30 адамның жартысы жұмыспен қамтылса дейді.

Нұрбол Абдоллаев, «Кеңпейіл» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы:

Мысалы, бізде мүмкіндігі шектеулі зағип жандар массаждың оқуын бітіреді, сол жандарға орындар жоқ жұмыс жасауға. Арнайы мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орындарын ашу. Оқу орындарынан аудитория алсақ, оқытсақ, оқыту курсы 3 айлық, соларды тағайындап, жұмыс атқарсақ деген ниетіміз бар.

Мейіржан Отыншиев, Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

725 мүгедек біздің жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Оның 135-і тұрақты жұмыс орындарына, 293-і қоғамдық жұмыстарға, 4 адам молодежная практика дейміз және 25 адам оқудан өтті.