«Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасын қабылдады», - деп хабарлайды Президенттің
баспасөз қызметі. Кездесу барысында Нұртай Әбіқаев Мемлекет басшысына
қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру жайын баяндады.
Сондай-ақ, терроризм мен
экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да сөз болды.
Өз кезегінде Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар нақты
тапсырмалар жүктеді.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА