$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Депутат Нұртай Сәбильянов «Банктік құпия» ұғымын заңдылықтан алып тастамақ

AstanaTV
23.06.2015ж. 20:00
1271
Депутат Нұртай Сәбильянов «Банктік құпия» ұғымын заңдылықтан алып тастамақ

Депутат Нұртай Сәбильянов «Банктік құпия» ұғымын заңнамадан алу қажет деп санайды. Бұл туралы халық қалаулысы «Нұр Отан» партиясы фракциясының бюджет қаражатын бақылау бойынша комиссиясының отырысында айтты. Депуттың айтуынша, олар Ұлттық банктен проблемалы кредиттер туралы ақпарат ала алмаған. Қаржылық ұйымдар бұны банктік құпия деп құтылған. Сол себепті Нұртай Сәбильянов ол ұғымды мүлдем алып тастау керек деген ойда.

Екінші деңгейлі банктерге айтылған сын мұнымен шектелмеді. Қаржы ұйымдары кәсіпкерлердің несие бойынша берген өтініштерін ұзақ қарастырады. Қыруар құжат сұрап, тағы да уақыт созады, - дейді депутат. Сол себепті Ұлттық қордан кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қаражат өз деңгейінде игерілмей жатыр.

Нұртай Сәбильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Әсіресе Ұлттық қордан кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қаражат баяу игерілуде. Оның бір себебі - кәсіпкерлер берген ұсынысты банктер ұзақ қарауда. Яғни осыны біз реттеуіміз керек, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілері алған қаражаттарын сол өндірісті дамытуға, кәсіпкерлікті дамытуға жұмсау керек. Жұмыс орындарын ашуға жұмсау керек. Ал біздің алған ақпаратқа сай, кей кәсіпкерлік субъектілерінде бір де бір адам жұмыс істемейді екен. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ