$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Ақтөбедегі қазақ тілін ақысыз үйрететін жалғыз орталық жақын уақытта жұмысын тоқтатуы мүмкін

AstanaTV
23.06.2015ж. 20:00
947
Ақтөбедегі қазақ тілін ақысыз үйрететін жалғыз орталық жақын уақытта жұмысын тоқтатуы мүмкін

Ақтөбедегі қазақ тілін ақысыз үйрететін жалғыз орталық жақын уақытта жұмысын тоқтатуы мүмкін. Ол мемлекеттік коммуналдық мекемелерді жекешелендіру бағдарламасы аясында сатылымға шығарылмақ. Нарықтағы бастапқы жарнасы 10 млн теңгеге бағаланған. Бірақ 7 жыл бойы 10 мыңнан астам азаматтың тілін сындырып, қазақша үйреткен орталықты сатып алам деушілер жоқ. Бұған дейін 4 рет саудаға шығарылған.

Жекешелендіру мақсатындағы соңғы әрекет ағымдағы жылдың тамыз айында өтуі тиіс. Мекеменің одан кейінгі болашағы бұлыңғыр. Орталық өкілдері "мемлекет қарауында болған оқу ордасының жетістіктері аз емес" дейді. Иесіз қалса, 7 жылғы еңбек желге ұшып кетеді ме деп, қауіптенеді.

Клара Серғазина, Ақтөбе облысы тілдерді оқыту орталығының директоры:

Оқу-әдістемелік балаларға арналған әдебиеттер жазып шығардық. Бұның барлығын біз тегін таратамыз. Себебі бұл мемлекеттік тіл саясаты. Мемлекеттік тілге кез келген азаматтың қолы жетуі тиіс. 

Мансұр ЕСҚОЖИН