$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Қызылордада шетелде тұратын қазақ диаспорасының дарынды балаларына арналған XII Халықаралық олимпиада басталды

AstanaTV
23.06.2015ж. 20:00
1448
Қызылордада шетелде тұратын қазақ диаспорасының дарынды балаларына арналған XII Халықаралық олимпиада басталды

Әлем елдерінде тарыдай шашылған қазақ қауымы балалары Қызылордада бас қосты. Иран, Қытай, Ресей, Монғолия, Өзбекстан және Түркменстаннан барлығы 29 дарынды бала XII Халықаралық «Қазақстан - ата жұртым, қасиеттім - ана тілім» олимпиадасына қатысуға  келді. 

Барлығы қазақ тілін меңгерген 8 бен 18 жас аралығындағы оқушылар. Бірі туған тілін ана сүтімен бойына сіңірсе, екіншісі диаспоралар маңындағы арнайы курстардан үйренген. Төрт күнге жалғасқан шара барысында қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті туралы танымын байқатты. Сондай-ақ, Атамекен туралы білімдерін тереңдетті. Жалпы, әртүрлі басылымдардағы деректерге сүйенсек, шет мемлекеттерде төрт миллионнан астам қандасымыз тұрып жатыр. 


Мақсат Тіней, олимпиадаға қатысушы, Иран: 

Иранда қазақ тілі мектебі жоқ, үйде қазақша сөйлеп, ата-аналарымыз қазақша үйреткен бізге. Қазақпыз ғой, өз елімізге қайтуымыз керек, оралуымыз керек. Оқығымыз келеді Қазақстанда. 

Ділдаш Битуова, «Интеллектуал - 2050» қорының директоры: 

Елбасымыз айтқандай, сол шетелдегі қазақтарды әкелудің жолдары - оларға мүмкіншілік туғызу, алдымен сол шетелдегі балалар келсе, үлкен ата-аналар әр уақытта келе алады.
Оқытып, білім беріп, қолдау көрсету. Осы мақсатта осы олимпиада басталды. Бізде қазір 120-дай бала Қазақстанда оқып, алды бітіріп, магистратураны бітірді.

Шарипа САҚТАПОВА